378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбедегі коммуналдық қызмет EXPO жетістігін жұмыста пайдаланады

  • 464

Ақтөбеде су соратын ұңғымаларға электр қуатын жеткізетін жел станциялары орнатылады. Қатты және сұйық отынды пайдалану азайса, экологиялық ахуал жақсарады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысып қайтқан коммуналдық мекеме мамандары болашақта осындай жобаны жүзеге асырмақ. Олар Германия мен Әзербайжан елдерінің тәжірбиесіне сүйеніпті. Ал өрт сөндіруге арналған жабдықтар шығаратын зауыт өндіріске күн батареясы технологиясын енгізетін болды. Кәсіпорын өкілдері АҚШ пен Ресей павильонында осындай жобамен танысып, тиімділігін түсінген. Жаңа технологияны енгізу электр қуатын пайдалануды 10 пайызға азайтып, өнімділікті осынша арттыруға жол ашады. Жалпы өңірдегі 8 кәсіпорын «жасыл экономика» технологиясы бойынша 8 жобаны іске асырмақшы. Одан бөлек ауыл шаруашылығы саласында 2 жоба қолға алынады.

Айта кетейік, халықаралық көрмені 137 мыңға жуық ақтөбелік тұрғын тамашалап қайтқан.

Қайрат Бекенов, облыс әкімінің орынбасары: 

- Көрмеге барған біздің кәсіпорындар жаңа технологияларды енгізу арқылы экологиялық ахуалды жақсартып, өнімнің өзіндік құнын едәуір арзандатуға болатынын түсінді. Мысалы, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларында қолдануға болатын жаңа технологияларға сараптама жасадық. Облыстың оқу орындары ірі ғылыми инситуттармен әріптестік меморандумына қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы