383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Бабак: EXPO 2017 көрмесін әлемге паш ету журналистердің кәсіби деңгейін арттырады

  • 462

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін әлемге паш ету кез келген журналист үшін тәжірибе ғана емес, олардың кәсіби деңгейін де арттырады деп есептейді украиндық Community іскерлік басылымының директоры Анна Бабак.

Журналистер көрменің жабылу салтанатынан әсерлі репортаж дайындап қоймай, керемет шоудың куәсі болды.

Анна Бабак, Community іскерлік басылымының директоры:

– «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу салтанаты да ерекше әсер қалдырды. Неге десеңіз, көрмеге қатысқан елдердің ең үздік жетістіктеріне үлкен экран арқылы тағы бір мәрте куә болдық. Болашақта қандай технологиялардың қолданысқа енетіні көрсетілді. Робототехника дегеніміз осы. Велосипедтер, автокөліктер және агромәдени саладағы жетістіктеріміз. Концерттік бағдарлама әлемдік әртістердің өнерін тамашалап, ұлттық әуендермен сусындап, бір марқайып қалдық. Кеш соңындағы 10 минутқа созылған отшашу да қатысушылардың таңданысын тудырды.

Хабар 24 телеарнасы