384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Максим Толстой: EXPO Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болды

  • 402

EXPO халықаралық көрмесінің жабылу салтанаты елеулі әрі әсерлі оқиғаның бірі болды.

Рига думасының депутаты Максим Толстой осылай дейді. Салтанатты шараны онлайн көрсетілім арқылы тамашалаған саясаткер Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін тілге тиек етті.

Максим Толстой, Рига думасының депутаты:

- Бұл халықаралық көрме Қазақстанның өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болды. Олар бірнеше жыл дайындалып қана қоймай, заманауи Қазақстанның бір сәттік кезеңіне жан бітіріп, қараса көз тоймайтын ғаламат оқиғаға айналдырды. Көрменің жабылу салтанатын ерекше атап өткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің терең ойлы сөзінде болашақта жаңа бағыттарға, жаңа белестерге жетелегені қатты ұнады. Біздің Қазақстанмен сындарлы қарым-қатынасымыз көрменің арқасында одан әрі алға басатыны сөзсіз. Латвияның халықаралық көрмеге қатысқанына қуаныштымын! Қазақстанға алғысым шексіз!

Хабар 24 телеарнасы