378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да EXPO көрмесінде таныстырылған жобаларды игеру қолға алынды

  • 485

Шығыс Қазақстанда бірқатар ғылыми жоба қолданысқа енгізілді.

Олардың дені халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінде таныстырылған. Ел үшін маңызды шарада шығысқазақстандықтар 140 жобаны ұсынды. Өңірде энергия тапшылығын жойып, тіпті күллі Қазақстанды арзан жарықпен қамту мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр.

Ғалымдар дәстүрлі қуат көздерінің 2 ғасырдан кейін сарқылатынын дәлелдеген. Ал қазақстандық термоядролық «токамак» қондырғысы шексіз энергия өндіруге негіз болмақ.

Әлемдегі бірегей кешенде заманауи композитті материалдар шығарылады. Енді баламалы энергетиканы игеру мақсатында өңірде жаңа гидроэлектр стансалары салынбақ.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

– Стансаның қуаты 30 мегаватқа жетеді. Бүгінде қажетті жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жел энергиясы бойынша да екі жобамыз бар. Олар да жүйелі жүзеге асатын болады. Күн, жел және гидроэнергия құрылғыларының барлығы да Елбасы тапсырмасының өңірде тиісінше жүзеге асып жатқанының дәлелі.

Шығысқазақстандықтар тұтас елімізді арзан жарықпен қамтымақ. Осы мақсатта өңірде жаңа энергия көпірі салынды. Ал өңірдегі негізгі қалаларда тиімді энергиялық жүйелер енгізу жұмыстары қолға алынған.

Джанет Хекман, ЕҚДБ Қазақстандағы директоры:

– Біз Өскемен және Семей қалаларында энергиялық тиімділік жүйелерін енгізу бойынша келісімге қол қойдық. Бұл электр шығынын 40 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Инвестиция құны 4,5 млрд теңгені құрайды.

Облыстағы ірі кәсіпорындар экологиялық тиімді технологияларды игеруге ниетті. Бұл да «ЭКСПО-2017» көрмесінің жемісі.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы