380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO-да ұсынылған жобалар ауыл шаруашылығы саласына енгізілуі мүмкін

  • 515

Елордада өткен EXPO 2017 көрмесінде 15 ел ұсынған 66 жоба ауыл шаруашылығы саласында енгізілуі мүмкін.

Бұл туралы жауапты министрлік өкілдері Үкіметте мәлімдеді. Сарапшылар алдымен барлығын тексерістен өткізіп, іріктеу жасайды.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гүлмира Исаеваның айтуынша, біздің елді Белоруссия, Нидерланды, Финляндия және Ресейдің инновациялық технологиясы қызықтырды. Болашақта жел мен энергетикасы қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар су мен ауаны тазалау, қалдықтарды өңдеп, тыңайтқыш әзірлеу тәсілдері де назардан тыс қалмайды.

Асқар Наметов, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» ҚЕАҚ басқарма төрағасы:  

- Жақын арада Ауыл шаруашылығы министрлігі 4,2 миллиард теңге ақшаға үлкен жобаларға конкурс жариялайтын болды. Сол конкурстың ішіне біздің таңдаған дүниемізді де жоба ретінде береміз де сол арқылы тексеріп алатын біздің мүмкіндігіміз бар. Сондықтан оны біз қалай тексереміз, ол ертең үкіметтің де ақшасы, бизнестің де ақшасы. Қайсысы табылады, соны жасай береміз.

Хабар 24 телеарнасы