378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сунь Ли: «Болашақтың энергиясы» көрмесі өз мақсатын сәтті орындады

  • 467

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қатысушылар мен қонақтар тарапынан жоғары баға мен жағымды пікірге ие болды.

Өйткені «Болашақтың энергиясы» көрмесі өз мақсатын сәтті орындады. Сөйтіп «жасыл» технология саласындағы үздік жаңалықтарды әлемге паш етті. ШЫҰ павильонының атқарушы директоры Сунь Ли тілшімізге берген сұхбатында осылай деді. Ол көрменің ел экономикасының дамуына қосқан мультипликативті әсерін де ерекше атап өтті.

Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде «тақырыпты ашу» номинациясында күміс жүлдегер атанған Қытай павильонын 500 мыңдай адам тамашалаған. 

Сунь Ли, ШЫҰ павильонының атқарушы директоры: 

- Мен үшін ЕХРО мықты елге тән мінез бен ақжарқын пейілдің көрінісі болды. Осы маңызды шара арқылы Қазақстан «жасыл» энергетиканы дамытуға деген ұмтылысын көрсетті. Әлем жұрты қазақ елін жақыннан танып, мәдени құндылықтарына қанықты деп ойлаймын. Әлемде қанша жерде болсам да, соның ішінде Астана – маған үлкен әсер қалдырған қаланың бірі. Астана аспанға тиіп тұрғандай, қолыңды созып ақша бұлттарды ұстауға болатындай сезіледі. Осы көк аспан астындағы Сарыарқаның жазығына жайғасқан қаланың ауасымен тоқсан күн тыныстаудың өзі бір ғанибет.

Хабар 24 телеарнасы