382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ильхам Шабан: EXPO көрмесі «жасыл» экономиканың жақын болашақтағы даму бағытын айқындады

  • 444

Астана EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі – ТМД аумағындағы ең айтулы оқиға.

«Бұрын-соңды мұндай ауқымды іс-шара бұл аймақта өткен емес», – дейді энергетика саласының сарапшысы Ильхам Шабан. «Астанадағы көрме «жасыл» экономиканың жақын болашақтағы даму бағытын айқындап, энергетика саласындағы жаңа технологиялардың басын қосты. Қазақстан «Болашақтың энергиясы» тақырыбын жай таңдап алған жоқ», – дейді сарапшы. Себебі қазақ елі «жасыл» экономикаға негізделген болашаққа қарай кетіп бара жатыр.

Ильхам Шабан, Энергетика саласының сарапшысы:

- Қазақстан өз болашағын «жасыл» экономикамен байланыстырады. Қазақ елі көмірсутегіне бай мемлекет. Мысалы жылына 80 млн тоннадан астам мұнай мен 40 млрд шаршы метр газ өндіреді. Алайда ол қуат көздерін үнемдеуге бағытталған «жасыл» экономикаға басымдық береді. Сондықтан Қазақстан осындай ірі іс-шараны өткізіп, тың технологиялардың басын қосты. Алдағы он жылда энергетика саласындағы технологиялар қалай дамитынын өзге мемлекеттерге паш етті.

Хабар 24 телеарнасы