Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесі аясында қол қойылған келісімдер жүзеге асырыла бастады

  • 449

Биыл елімізде биоматериал өндірісі қолға алынады.

Қазір қытайлық ірі кәсіпорынмен тиісті келісім орнады. Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Лариса Жұмағалиева осылай деді. Министрлік өкілі EXPO көрмесі аясында қол қойылған келісімдерді тілге тиек етті. Биыл 12 жоба бойынша жұмыс басталады. Ал Kazakh Invest ұлттық компаниясы халықаралық көрме аясында 20-дан аса келісімге қол қойған. Көбіне АҚШ, Монако, Швейцария, Польша, Словения мен Иран, Жапония сынды мемлекеттер елімізде инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныстарын білдіріп отыр отыр. Мұнай химиясы, машина жасау, фармация, IT-технологиялары сынды салалар басты басымдыққа ие.

Біржан Қанешев, Kazakh Invest ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Жалпы жоба белгіленген соң оның инвестиция сомасы белгіленеді. Сондықтан біраз уақыт керек оған. Біз жұмыс жасау керекпіз. Біз 2 жұма бұрын жүйемізді жарияладық. Соған бұл жобалардың барлығын енгіземіз. Біріншіден, жұмыс жасаймыз, екіншіден, мониторингке алынады.

Хабар 24 телеарнасы