431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшаның поштасында ЕХРО 2017 көрмесіне арналған арнайы марка жарық көрді

  • 830

«Бұл есте қаларлық оқиға Еуропалық мемлекет Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға ниетті екендігін білдіреді», – дейді Павел Сковоротко.

Өз сөзінде поляк поштасының басқарма мүшесі Астанаға ЕХРО көрмесі үшін арнайы келгендігін айтты. Варшавадан келген делегатты Қазақстанның «Нұр әлем» павильоны тәнті еткен.

Павел Сковоротко, «Польша поштасы» басқарма мүшесі:

– Ең алдымен Қазақстанда өткен ЕХРО көрмесінен жақсы әсер алғанымды атап өткім келеді. Шыны едені бар шар тәріздес орталық ғимарат ерекше сезім тудырды.  Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, әсіресе логистика саласында. Барлығы да кәсіби деңгейде екені көрініп тұр. Және Польшаның поштасы Қазақстандағы ЕХРО көрмесінің құрметіне марка шығарғаны маңызды екенін айту керек. Тиражы 120 мың дана болды. Пошта маркасының ортасында заманауи Қазақстанның символы «Бәйтерек» орналасты. Марканың шығарылуы ерекше оқиға екенін айтып өтейін. Бұл Польша үшін екіжақты ынтымақтастық пен бірлескен бизнесті дамытудың маңызды екенін дәлелдейді. Астанада поляк поштасы Қазақстан поштасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді біз серіктестік орнатуға мүдделіміз.

Хабар 24 телеарнасы