389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Джонатан Авес: «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте сәтті ойластырылған

  • 651

Астанадағы EXPO 2017 көрмесінде болған британиялық сарапшылар көрмені көргеніне тәнті болғанын ерекше әсермен жеткізді.

Шараның бір ерекшелігі ретінде таңдалып алынған тақырыпты айтады. Сарапшылар көрменің жасампаздық мақсаты таяу арада орындалып, «Жасыл экономика» тақырыбының өзектілігі арта түсетіндігіне сенімді.

Джонатан Авес, сарапшы:

- Меніңше, «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте сәтті ойластырылған. Мұнай мен жанармайға негізделген экономиканы энергияның жаңа түрлеріне ауыстырудың жолдары іздестіріліп жатқанын әр адам естіп, қуанып жатыр. EXPO-ға барып, әлемнің ары қарай қалай өзгеретініне куә болу өте қызықты болды.

Хабар 24 телеарнасы