378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роберта Змейко: Польша үшін Қазақстан – бизнестегі маңызды серіктес

  • 704

Астана батыл идеялардың жүзеге асып, сауда-экономикалық байланысты күшейтетін орталыққа айналды.

Поляк банк бөлімінің директоры Роберта Змейко осындай пікірде. ЕХРО көрмесіне арнайы келген варшавалық қонақ көрменің ауқымы мен деңгейіне таң қалғанын жеткізді. «Сондай-ақ бұл Қазақстан мен Польша үшін экономикалық серпіліс болары анық», – деді өз сөзінде.

Роберт Змейко, стратегия және халықаралық талдау бөлімінің директоры:

– Польша үшін Қазақстан бизнестегі маңызды серіктес екенін атап өту керек. Қазақстанда өткен ЕХРО 2017 сан салаға серпін беріп, маңызды қадам жасауға септігін тигізеді деп нақты айта аламын. Мәселен, халықарылық қаржы ұйымы арқылы елдегі компаниялар Азия нарығына шығып, өз кәсіптерін жүргізе алады. Біз қаржы институты ретінде әр саланы сараптап, Қазақстанның мол мүмкіндіктері бар екендігіне көзіміз жетті. Сол себепті ЕХРО сынды шаралардың тигізетін пайдасы оң. Шетел кәсіпкерлері фабрикалар салып, компаниялар ашып жатыр. Бұл әрине экономикалық өсімге әкелері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы