389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Томаш Шипула: «Нұр Әлем» EXPO көрмесіндегі ең әдемі павильондардың бірі болды

  • 1111

Қазақстан ЭКСПО көрмесін әлемдік деңгейде өткізіп, бүгінгі күннің маңызды тақырыбы «Болашақ энергиясын» талқылауға жол ашты.

Варшава EXPO көрме орталығының басқарма төрағасы Томаш Шипула осылай дейді.  Оның айтуынша, Астанадағы көрме Қазақстанды танытып қана қоймай, туристермен қатар, бизнес үшін де ашық әрі заманауи мемлекет екенін көрсетті.

Айта кетейік, Варшава EXPO көрме орталығы – Еуропада ауқымды көрмелер ұйымдастыратын белгілі ұйым.

Томаш Шипула, PTAK Warsaw EXPO көрме орталығының басқарма төрағасы:

- EXPO 2017 өте жоғары деңгейде өтті. Мен өз тәжірибемде әлем бойынша көптеген іс-шараға қатыстым. Бірақ мойындау керек, Астанадағы ЭКСПО – мен қатысқан жиындардың ішіндегі ең мықтысы. «Нұр Әлем» ЭКСПО-дағы ең әдемі павильондардың бірі болды. Ол жерде мұражай құру идеясын қолдаймын. Себебі көрме біткен соң да халыққа қызмет етіп тұрады. Айта кетейін, біздің орталық үшін Астанадағы көрме жаңа серпін алуға мүмкіндік берді. Қазақстанның кәсіпкерлерімен тілдесіп, оларды Польшадағы көрмеге өз тауарларымен келуге шақырдық. Қазақстандық бизнес өкілдерін асыға күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы