Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO көрмесінің қатысушы мемлекеттері бизнес серіктестер тапты

  • 918

Астанада өткен ЭКСПО көрмесі қатысушы барлық мемлекетке өз технологияларын таныстырып, бизнес серіктес табуына көмек берді.

Польша ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Збигнев Бабальский осылай дейді. Ол Польша Президенті Анджей Дуданың делегациясымен бірге халықаралық көрмеде болған. Варшавалық қонақ Астананың сәулетімен таңғалғандығын да жеткізді.

Збигнев Бабальский, Польша ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: 

Мен Астанада алғаш рет болдым және таңғалдым. Қаланың қарқынды дамып жатқаны көрініп тұр. Астананың сәулеті мен ЭКСПО көрмесі қатты ұнады. Біздің делегация польшалық және қазақстандық павильонда болды. Мемлекет үшін айтулы шара болғанын да айта кету керек. Польшаның шараға белсене қатысқанына қуаныштымын. Біздің Президенттің Қазақстанға келуі экономикалық байланысқа серпін беруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы