387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕХРО-дан кейінгі Қазақстан Италияны несімен қызықтырды?

  • 1693

Саясатшылар, бизнес өкілдері, италиялық депутаттар және көрме қонақтары екі мемлекеттің серіктестігі мен жаңа жобаларды талқылау үшін Римде бас қосты.

Алқалы жиынды Қазақстанның Италиядағы елшілігі италиялық жоғары геосаяси зерттеулер институтымен бірігіп, инвестиция тарту мақсатында ұйымдастырған. Қазақстан үшін Италия – саудада басты серіктес. Себебі бұл ел біздің мемлекетке бүгінге дейін 6 миллиард доллардай қаржы құйды. Енді халықаралық ЕХРО көрмесінің нәтижесі бойынша мемлекет италиялық кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер мен жобалар ұсына алады. Алдымен туризм саласында. Содан соң баламалы энергетика мен жасыл технологиялар бағыты қолға алынады.

Алессандра Бениньетти, Италиядағы Жоғары геосаяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері:

Бүгін біз ЭКСПО-дан кейінгі Қазақстанның рөлін талқылап жатырмыз. Еуропа елдері, оның ішінде Италия үлкен қызығушылық танытып жатыр. Соңғы кездері өзара ынтымақтастық қарым-қатынасымыз едәуір нығайып келеді. Болашақта да серіктестігіміз беки түспек. Себебі Қазақстан баламалы энергетика саласында көптеген мүмкіндіктер ұсынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы