378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

EXPO 2017 көрмесі жасыл энергия өндірісі жолында барша әлемді жұмылдырды

  • 2465

ЭКСПО көрмесінде таныстырылған тың жобалардың алды қазір елімізде өндіріске енгізіле бастады. Болашақтың энергиясына арналған ауқымды шараға алты құрлықтың назары ауғаны белгілі. Бекер емес. Себебі Қазақ елінің Астанасында әлемдегі экологиялық ахуалды түзеуге бағытталған бірқатар жаңалықтар ашылды. Ғылыми негізге ие жобалар пайда болды. Бастысы қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттер арасындағы ынтымақ артты.

115 қатысушы мемлекет. 22 халықаралық ұйым. 4 миллион келуші және 6 мыңнан астам ресми шара. Биылғы жылдың басты жаңалығы – Халықаралық «ЭКСПО 2017 көрмесі» ел мерейін үстем етіп, абыроймен өтті.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вот, что касается ЭКСПО, вы знаете, что 115 стран участвовало, в два раза чем мы ожидали 4,5 миллиона человек посетило. А если казахстанцы приезжали сюда каждый месяц, каждую неделю со всей страны, всего посетило больше 20 миллионов человек, все гостиницы были полными,  объекты малого и среднего бизнеса на этом заработали. Спонсоры давали денег, сэкономлено была половина намеченных средств, я думаю, мы построили целый район города Астаны, прекрасный район и это все остается служить людям. Мы сидим сейчас в сфере «Нур Алем», главное здание нашего экспо - он остается как музей, и сегодня, чтобы вы знали, каждый день по 600 человек посещают.

Астана 3 айға әлемдегі экологиялық ахуалды түзеуге арналған идеялар мен тың жобалардың орталығына айналды.  Мұнда ашылған ғылыми жаңалықтардың саны 200-ден асады. 

Ахметжан Есімов, «ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма төрағасы:

- Қазір біздің әр министрлік, аймақтағы әкімдіктер соларды іске асыруды қолға алып жатыр. Мысалы, Энергетика министрлігі 100-ден астам жобаны қазір қалай Қазақстанда пайдалану керектігін ойластырып жатыр. 

Еліміздің кей аймақтарында  жаңа технология  енгізіле  бастады. Мәселен, Орта Азияда алғаш болып Шымкент қаласында биогаз қондырғысы іске қосылды. Ол ағынды суды  тазалау арқылы жылу, электр энергиясын және газ өндіруге мүмкіндік береді.  

Анарбек Орман, жоба жетекшісі:

- Бізде екінші кезеңі бар. Екінші кезеңінен тағы да 300 бен 400 кв сағатында қосымша электр энергиясын аламыз деген жобаларымыз бар.

Ал Ақтөбеде 8 кәсіпорын жасыл экономика аясында инвест-жобалар әзірледі. Қаладағы бөгеттерде жел электростанциясын,  өрт сөндіру құралдары зауытында күн батареяларын орнату жоспарда бар. 

Қайрат Бекенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

- Көрмеге барған біздің кәсіпорындар жаңа технологияларды енгізу арқылы экологиялық ахуалды жақсартып, өнімнің өзіндік құнын едәуір арзандатуға болатынын түсінді. Мысалы, мұнай-газ, тау-кен өндірісі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларында қолдануға болатын жаңа технологияларға сараптама жасадық. 

Жел генераторлары, күн сәуелесінен қуат алатын қондырғылар мен гидроэлектрстанциялар келешекте тұтас мемлекетті энергия көзімен қамтамасыз етеді дейді мамандар. Көрме аяқталған соң, еліміздің Шығыс өңірінде бірнеше нысанның құрылысы басталып кетті. 

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Станцияның қуаты 30 мегаваттқа жетеді. Бүгінде қажетті жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жел энергиясы бойынша да екі жобамыз бар. Олар да жүйелі жүзеге асатын болады. Күн, жел және гидроэнергия құрылғыларының барлығы да Елбасы тапсырмасының өңірде жүзеге асып жатқанының дәлелі.

ЭКСПО көрмесі мемлекеттер арасындағы серіктестікті нығайта түскенін айттық. Соның бір көрінісі – Қазақстан мен Финляндия. Қос елдің  кәсіпкерлері нысандарды 3Д-өлшемімен жобалауды қолға алды.  

по қалашығы  әрі қарай  өз жұмысын жалғастырады. Ал Нұрәлем сферасы ғылыми музейге айналады. Келешекте мұнда Жасыл экономиканы дамыту орталығы және Адам ресурстарын дамыту институты жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы да «Нұр Әлемге» қоныс аударады.   

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

- 3Д-жобалау экранда көз алдыңа барлығын көрсетіп береді. Биіктігі немесе ені немесе құрал-жабдықтар қайда тұрады. ЭКСПО бізге жақсы септігін тигізіп отыр.

Осылайша, әлемдік қауымдастықтың назары ауған көрме жоспарға сай өтті. ЭКСПО қалашығы  әрі қарай  өз жұмысын жалғастырады. Ал Нұрәлем сферасы ғылыми музейге айналады. Келешекте мұнда Жасыл экономиканы дамыту орталығы және Адам ресурстарын дамыту институты жұмыс істейді. Сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығы да «Нұр Әлемге» қоныс аударады.

Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:

- Желтоқсанда жоспарға сай компанияларды тіркеуге көшеміз. Ал келер жылдың бірінші тоқсанында орталықтың биржасы жұмысын бастауы керек. 

ЭКСПО көрмесі Елорда өміріне өзгеріс алып келген айтулы оқиғаға айналды. Әуежайда жаңа терминал салынып, зәулім темір жол вокзалы бой көтерді. Туристік орталықтардың қызметі жанданып, бизнес саласына қан жүгірді. Астана атауы халықаралық беделді басылымдардың назарына ілінді. National Geographic журналы Қазақ елінің бас шаһарын болашақтың қаласы деп таныса, «Нью-Йорк Таймс» газеті елімізді туристер үшін тартымды мемлекеттердің қатарына қосты.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы