382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кәсіпкер әйелдер EXPO-2017 көрмесіне қатысады

  • 1380

Қазақстанның іскер әйелдері EXPO-2017 көрмесіне қатыспақ.

Бүгін олар Италияның нәзікжанды бизнесмендерімен кездесті. Миланда «Болашақ энергиясы: әйелдер, бизнес және жаһандық экономика» атты Iхалықаралық форум бастау алды. Аграрлық, шикізаттық секторлар, ақпараттық технологиялар мен жасыл экономика саласында жұмыс істейтін 35 кәсіпкер қыз-келіншек бүкіләлемдік көрмеге барып, бірқатар беделді итальяндық кәсіпорынды араламақ. Қазіргі таңда Қазақстанның шағын және орта бизнесінің 48,8%-ы нәзік;андылардың қолында. Форум ұйымдастырушылары оларға Анталия және Дубай қалаларында өтетін EХРО-ға қатысуды ұсынып отыр.

Салтанат Рахымбекова, EXPO&Women президиумының төрайымы:

- Әлемде өткізілген барлық EXPO көрмелері бизнес үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Өйткені мұндай көрмелер құрылыс материалдары, тасымал, жеңіл өнеркәсіп салаларында істеп жатқан кәсіпкерлердің қызығушылығын туғызады. Сондықтан EXPO бизнес дамуына үлкен серпін береді деп толық айтуға болады.

Мария Антуанетта ФирманиArt&Taste жобасының бас менеджері:

- Әйел азаматтар бизнесте үнемі ер адамдардан артта қалып отыр. Бірақ қазір қоғам қатты өзгеріп жатыр. Италияда, Қазақстанда әйелдердің рөлі күн санап артып келеді. Біз бизнесті дамытуға зор үлесімізді қоса аламыз. 

Хабар 24 телеарнасы