384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ЭКСПО-2017» жалауы көрме тарихында алғаш рет ғарышта болды

  • 3936

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің жалауы алғаш рет ғарышта болды.

«ЭКСПО-ның» 150 жылдық тарихында мұндай ерлікті қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов жасады. Туға халықаралық ғарыш стансасында ғана тұратын мөр басылған. Бүгін тарихи таңба басылған байрақты әлемнің 545-ғарышкері Айдын Айымбетов «Болашақтың мұражайына» табыс етті. Ғарышта болған қазақтың үшінші баласына «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов әуе кемесінің бөлшегінен жасалған сағат пен «ЭКСПО-2017» көрмесінің елшісі тарту еткен сертификатты табыс етті.

Айдын Айымбетов, Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер:

- Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік саясатының нәтижесінде ғарышқа ұштым. Өзіммен бірге алып кеткен заттардың ішінде көрменің жалауы да болды. Енді ел мерейін өсіретін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрменің туын табыс еттім. Арнайы мөр басылған жалау көрменің мұражайында мәңгі сақталмақ. «ЭКСПО» көрмесі – еліміздің болашағы үшін өте маңызды шара.

Хабар 24 телеарнасы