383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық әйелдер ЕXPO&WOMEN кеңесін құрмақ

  • 1190

Қазақстанның белсенді әйелдері ЕXPO&WOMEN атты халықаралық кеңес құруды ұсынады.

Ол ұйым нәзік иықтарына ауыр жүк арқалаған іскер, бастамашыл әйелдердің басын біріктіріп, өзара серіктес болуға ықпал етпек. Атап айтқандаЕXPO&WOMEN Нобель сыйлығының лауреаттарын, БҰҰ-ның ерікті елшілерін және халықаралық ұйым басшыларын байланыстырады. Мұндай батыл ұсынысты Қазақстанның нәзікжандылары Италия, Түркия, Ұлыбритания, Қытай өкілдерінің қатысуымен Миланда өткен форумда көтерген болатын.

Салтанат Рахымбекова, ЕXPO&WOMEN президиумының төрайымы:

- ЕXPO&WOMEN-нің басты мақсаты – ЕХРО арқылы әлемнің назарын Қазақстанға аударту. Біздің бастамамызбен «Болашақ энергиясы: әйел, бизнес, жаһандық экономика» атты форум әр ЕХРО-да өтетін болды. Әлемдік қауымдастық әйелдерінің идеяларын қолдауға дайын. Форум соңында Италия-Қазақстан сауда палатасымен меморандумға қол қойдық.

Нәзікжандылар қол жеткізген ең тартымды жобалардың бірі Қазақстанға агротуризм тәжірибесін әкелу. Көп ұзамай Ақмола облысының «Арнасай» ауылында оған қажетті жағдайлар жасалмақ. Ал жыл аяғында елді мекенді зерттеп, мүмкіндіктерін зерделеу мақсатында арнайы мамандар келмек.

Хабар 24 телеарнасы