383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың жаңа кезеңі басталды

  • 1121

Қазақстан Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың жаңа кезеңін бастап кетті.

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес Парижде көрмеге қатысушыларға берілетін жеңілдіктер бойынша келісімге қол қойды. Бұл құжат шараны жоғары деңгейде өткізу үшін маңызды. Көрмеге қатысуға ниет білдірген мемлекеттерге ұсынылған тақырып бойынша өз жобаларын көрсету үшін барлық мүмкіндік жасалуы тиіс. Ал Қазақстанға бұл келісім көрмені сапалы әрі сәтті өткізу бойынша жауапкершілік жүктейді.

Висенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:

- Бұл Қазақстан министрлер кеңесінің мақұлдауымен қабылданған құжат. Келісім арқылы барлық шаралардың регламенттері белгіленген. Қосымша талқылауларды талап етпейді. Бұл механизм ЭКСПО көрмелерінің барлығында қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы