380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Болгария «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы мүмкін

  • 824

Болгария халықтық жиынының төрайымы Цецка Цачева еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті.

Онда мәртебелі мейман Болгарияның 2017 жылы Астанада өтетін EXPO халықаралық көрмесіне қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Жиын барысында қос елдің сауда-экономикалық және инвестициялық жағдайы сөз болды. Болгария Балқан түбегі мен Қара теңіз аймағындағы сенімді серіктес елдердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстанда 50-ден астам компания құрылыс, күн энергиясын дамыту саласында жемісті еңбек етуде. Екі мемлекет арасындағы сауда-саттық көлемі 200 млн долларға жуықтайды. Алдағы уақытта тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті.

Хабар 24 телеарнасы