385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық полицейлер бәлішке себетін ұнтақты есірткімен шатастырды

  • 922
Америкалық полицейлер бәлішке себетін ұнтақты есірткімен шатастырды http://vkusnodoma.net/

Флорида штатының полицейлері 64 жастағы жүргізуші Дэниел Рашингті есірткімен ұстады.

Cөйтсе, олардың метамфетамин дегені кәдімгі бәліштердің беткі бөлігіне себетін тәтті, ақ түсті ұнтақ болып шықты.

The Guardian хабарлауынша, оқиға барысында полицейлер 64 жастағы американдық Дэниел Рашингті дүкенге кетіп бара жатқан жолдан тоқтатқан. Ал оның көлігін тінтіген кезде анықталған осы елде танымал Krispy Kreme бәліштерінің беткі бөлігіне себілетін ақ түсті ұнтақты есірткілік затпен шатастырып, Рашингті қамауға алады.

Аяқ астынан күдіктіге айналып шыға келген американдық азамат істің мән-жайы толық анықталмайынша, темір тордың арғы жағында жарты тәулікке жуық уақыт отырып, ақыры кепілге ақша төлеу арқылы босатылды.

«Бұл бір адам айтса сенгісіз жәйт болды. Еш жамандық істемесең де, темір торға қамалғаннан өткен қиын нәрсе жоқ екен… Мұны ешкімнің басына салмасын», - дейді Рашинг. 

Ал осы оқиға болған Орландо қаласының полициясы оны қамауға алудың заңға сәйкес жасалғандығын алға тартып отыр.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы