385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да балаларға Мессидің әдісімен футбол ойнау жолдары үйретіліп жатыр

  • 1178

Өскеменде осыдан жарты жыл бұрын ашылған Футбол академиясына деген жастардың қызығушылығы артып келеді.

Бұл осында дәріс беретін испандық жаттықтырушылардың пікірі. Кәсіби мамандардың айтуынша, жас спортшылар футболдың қыр-сырын меңгеруге өте ынталы. Сондықтан оларды командаға іріктеп алу да оңайға соқпайды. Дегенмен облыстың әр ауданынан таңдаулы 13 пен 16 жас аралығындағы 100 жасөспірім жиналды. Оларға аты аңызға айналған Мессидің әдісімен футбол ойнау жолдары үйретіліп жатыр. Мақсат – осында дәріс алып шыққан үздік спортшылармен болашақта облыстың «Алтай» футбол командасының құрамын толықтыру. Алдағы уақытта академия тәрбиеленушілерінің санын 200-ге жеткізу жоспарлануда. Айта кету керек, жаттығу жұмыстары қыста да үздіксіз жалғасуы үшін мұнда жабық манеж салынбақ.

Хабар 24 телеарнасы