Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74

375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Lotus Bleu» фортепианолық дуэті Астанада алғаш рет өнер көрсетті

  • 1158

Александра Егорова және Ая Болатова құрған фортепианолық дуэт «Lotus Bleu» елордада алғашқы концертін берді.

«Еселенген шабыт» атты музыкалық кеш «Астана опера» театрының камералық залы сахнасында өтті. Жақында ғана Италияда өткен халықаралық байқауда үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі үшінші орынмен оралған отандастарымыз ХІХ-ХХ ғасырлардағы шетелдік, сондай-ақ американдық жас композитор Грег Андерсонның шығармаларын мүлтіксіз орындап шықты. Сондай-ақ концертте неміс композиторы Макс Регердің фортепианоға арналған алты пьесасы Қазақстанда алғаш рет орындалды. Пианиноны жетік меңгерген шеберлер бірігіп өнер көрсеткендеріне бірнеше ай ғана болған. Алайда шабыттарын ұштастыра білген қос музыкант әлі де талай белестерді бағындырамыз деп отыр.

Ая Болатова,«Астана Опера» театрының концертмейстрі:

- Бүгін біз өте қызық шығармаларды көрсетеміз. Макс Регер, Люта Славский. Бүгін бізде аншлаг. Біздің көрермендерді жақсы көреміз.

Александра Егорова, «Астана Опера» театрының концертмейстері:

- Техникалық тұрғыда қиындықтар бар. Өйткені әріптесіңмен әр қимылың бірдей болуы шарт. Алайда біз өзара жылдам тілтабысып кеттік. Мен өзім жалпы камералық оркестрларда ойнаймын. Бірақ бұл дуэтпен де бірлесіп өнер көрсете бергім келеді.

Хабар 24 телеарнасы