388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде найзағайдың жиі түсуінен орман өрті өршіп тұр

  • 917

Семейде найзағайдың жиі түсуі салдарынан орман өрті көбейіп тұр.

Тек шілде айының өзінде 11 дерек тіркеліп, Қаштақ, Пригородный және Таллицк орман шаруашылығы зардап шекті. Абырой болғанда, жай түскен барлық жерде қызыл жалын болмашы ғана жерді шарпыған. Жалпы өрт қаупі басым маусым басталғаннан бері «Семей орманы» аумағында жалпы көлемі 3,7 гектар болатын 97 өрт ошағы ауыздықталған.

Жарқын Тлебалдин, қалалық ТЖБ өртті қадағалау бөлімінің аға инженері:

- Орман дала өрттерінің алдын алу барысында Семей ТЖ қызметкерлері жергілікті полициямен бірге жұма сайын жыл басынан бастап өрт қауіпі басым кезеңде, адамдардың демалуы кезінде жалпы рейдтік шаралар өткізеді және қазғаздар, хаттамалар таратамыз. Егер құқық бұзған адамдар кездесіп жатса, олар әкімшілік жазаға тартылады.

Хабар 24 телеарнасы