388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда инженерлік желілер жаңартылып жатыр

  • 972

Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Жайық жағасындағы бұл шаһарда жалпы ұзындығы 6 мың шақырымдай су, кәріз, жылу және газ құбырлары бар. Орта есеппен алғанда соның 70 пайызға жуығының ескіріп, әбден тозығы жеткен. Өткен жылы осы мемлекеттік бағдарлама бойынша ұлттық қордан 2 млрд 580 млн теңгедей қаржы бөлініп, ұзындығы 13 шақырымдай жылу және кәріз жүйелері жаңартылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасын тапты. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Оралда инженерлік желілерді жөндеуге бағытталған 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл мақсатқа 1,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Оған жалпы ұзындығы 14 шақырымдай су және кәріз құбыры мен жылу жүйелері жаңартылады.

Мұрат Бәйменов, облыстық энергетика ТКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда 10 жоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде 9 жоба қала бойынша, ал қала ішінде 7 жоба «Батыс су арнасы» ЖШС су желілерін жөндеуге және 2 жоба «Жайық жылу қуат» АҚ-тың жылу желілерін жөндеуге, 1 жоба Ақсай қаласы бойынша су құбырларын жөндеуге арналған.

Хабар 24 телеарнасы