386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада триатлоннан жарыс өтті

  • 1063

Елордада триатлоннан жарыс өтті.

Жүзу, велосипед тебу және жүгіру сынды үш спорт түрін біріктірген бұл сайысқа жүз елуге жуық спортшы қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен спортшылар 350 метр қашықтыққа жүзіп, одан кейін 20 шақырым жолды велосипедпен тағы 5 шақырымды жаяу жүгіріп өтті. Оқ бойы озық шығып, бірінші жүлделі орынды ерлер арасында Александр Автушко, Яков Козлов, Мұратхан Тоқмади, Қазыбек Батыр иеленді. Ал нәзікжандылардың арасында Анастасия Автушко, Елена Пономарёва, Инна Вишнякова жеңіске жетті. Жарыс жас айырмашылығына қарай 4 санатқа бөлінген. Оның әрқайсында 3 жүлделі орыннан бекітілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздарға тұрмыстық техника мен жүз мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

Александр Автушко, жарысқа қатысушы:

- 16 спорттың үш түрін қиыстыру өте қиын. Жүзу шамалы жеңілдеу. Ал велосипед тебу мен жүгіру қиынға соғады. Себебі әртүрлі бұлшық ет жұмыс істейді. Басында, әрине, қиналасың, ауырсынасың. Қазір елімізде триатлонды кеңінен дамыта бастады. Мықтап қолға алды десек болады.

Берік Маржықпаев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- 147 спортшы қатысты. Соның арасында жарысқа ең кішкентай спортшы 14 жастан бастап 65 келген үлкен ақсақалдарымыз қатысып жатыр. Спортшының арасында 27 кәсіби спортшы бар. Бірақ олардың көрсеткіші есепке алынбайды. Олар өздері үшін әдейі келіп, бізбен бірге қатысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы