389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстіккореялық компания Еуразиялық экономикалық одақ нарығына кіруге ниетті

  • 938

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ішінде Қазақстан - тауар экспорттауға сай келетін мемлекет.

Мұндай пікірді «Мен Джин систем» компаниясының қызметкерлері білдірді. Аталған компания телекоммуникация, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік саласына қажетті арнайы құрылғыларды шығарады. Қазіргі уақытта өз елінде телерадио хабар тарату саласындағы компаниялармен белсенді жұмыс істеп келеді. Телевизияның жоғары дәлдікпен хабар таратуына ықпал етуде. Осылайша, кәсіпорын Оңтүстік Кореяның телекоммуникация нарығының үштен бірін жаулаған. 2018 жылы бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізбек. Жалпы аталған компания тауарларын АҚШ, Бразилия, Аргентина сынды дамыған және дамушы елдерге экспорттайды. Компания басшылығы енді Еуразиялық экономикалық одақтың нарығына кірсек дейді.

Чан Чи Хён, телекоммуникация компаниясының вице-президенті:

- Қазақстанмен телекоммуникация саласында әріптестік қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Сіздердің нарықтарыңызға HD- технологиясын экспорттауға бар күшімізді саламыз. Жоғары дәлдікті қамтамасыз ететін жүйесі бар құрылғылардың артықшылығы көп. Экрандағы бейне таза әрі шынайы көрінеді. Сондай-ақ IP технологиясын ұсынғымыз келеді. Егер екі елдің технологиясын біріктірсе, сапа мәселесі сіздерде де, көрші мемлекеттерде де шешіледі.

Хабар 24 телеарнасы