389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада парамен ұсталған шенеунік заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан

  • 1537

Ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған Астана жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов  жайында тағы тың ақпарат пайда болды.

Тергеу амалдары барысында 33 жастағы шенеуніктің заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған. Күдікті 1,5 миллион теңгеге көліктің жылдамдығын тежеу үшін жол үстіне қойылған белгілерді алып тастауға және бизнесмендерді қара тізімге енгізбеуге уәде берген. Жас шенеунік қалған 600 000 теңгені қаладағы автобус аялдамаларын жуып-шаю және бояу жұмыстарын жоғары бағалауы үшін алған. Қазір Еділ Сүлейменов қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Егер Еділ Сүлейменовтың кінәсі дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Данияр Мүсілімов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 366 баптың үшінші тармағы- яғни бірнеше рет пара алу фактісі бойынша іс қозғалды. Ол кәсіпкерлерден 2 млн 100 мың теңге алған. Сот шешіміне сәйкес ол қамауға алынды. Сондай-ақ ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны да тергеу кезінде анықталды.

Хабар 24 телеарнасы