386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада томат зауытының шикізаты ауылдық жылыжайда өсіріледі

  • 759

Қызылорда өңірінде жылдық қуаттылығы 12 500 тонналық томат зауыты іске қосылады.

Жаңа-қорған ауданында орналасқан кәсіпорын жұмысы жыл аяғына дейін жолға қойылуы тиіс. Жобаны жүзеге асыру үшін инвесторлар тартылды. Ал зауытқа қажетті шикі-затты жергілікті шаруалар дайындап бермек. Мәселен Бес-арық ауылындағы «Жан» жылыжай шаруашылығы ерте көктемде еліміздің қос өңіріне қызанақтың 12 сұрпының жарты миллион түп көшетін жөнелтті. Қазір жылыжай бағбандары, томат зауытына арнайы «С» дәруменімен байытылған «Т-10» атты қызанақ сұрпын егуді қолға алуда.

Жұмакүл Әжімбекова, кәсіпкер:

- Бірінші рет «Т-10» деген қызанақты отырғызып жатырмыз. Бұл қызанақты отырғызу себебі бірнеше жеңілдіктері бар екен. Бұған дейін біз қызанақтың әр қайысысын дана-дана, жеке-жеке шпальерге іліп, байлап олардың әр бұтақшаларын алып отыратынбыз. Бұл егіп отырған сорттың ондай артық жұмыстары жоқ.

Хабар 24 телеарнасы