386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда заңсыз жалға берушілерге ескерту жасалды

  • 662

Талдықорғанда полиция қызметкерлері жалға беру орындарын заңсыз ашқан тұрғындармен күресті бастады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы кезде велосипед, скейтборд, гиро-скутер мен роликті конькиді ешбір құжатсыз жалға берушілер қатары артқан. Ал жағалау мен саябақтарда моторсыз көліктің алуан түрін басқарып жүргендер көптеп кездеседі. Олардың арасында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қарасы қалың. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кейбір азаматтар тұрғындардың қауіпсіздігін мүлдем елеп-ескермеген.

Наиль Салихов, жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы:

- Біз бүгін ескерту жасаумен шектеліп жүрміз. Заңсыз кәсіпкерлік тоқтатылмаса, құжаттары ретке келтірілмесе, әкімдік пен салық инспекциясы арқылы иелері жазаға тартылатын болады. 

Хабар 24 телеарнасы