389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда қоғамдық ұйымдардың бірі жастарға мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді

  • 830
Атырауда қоғамдық ұйымдардың бірі жастарға мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді

Атырауда қоғамдық ұйымдардың бірі жастарға мамандық таңдауға бағыт-бағдар береді.

Жобаның қатысушылары негізінен оқушылар, педагог, және мектеп психологтары. Балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілері ерекше назарға алынады. Мамандық таңдаудағы қателік қазіргі таңда өзекті мәселелер қатарында тұр. Бұған атыраулық жастардың 15 пайызы ғана өз мамандығын мақтан тұтып қалған 80 пайызының сала ауыстыруға қуана келісетіндігі дәлел бола алады. Жоба шеңберінде бір жыл ішінде мың жарымдай адам қамтылды. Олар түрлі өндіріс орындарын аралап, мамандықтар машақатын сезініп көрді. Бұл жолы жастар ұсталық өнердің қыр-сырына қанықты. Жоба жетекшілерінің айтуынша, әрбір жас келешек қызметінің қиындығын әбден біліп-тануы керек. Тәжірибе мен білімді ұштастыра білген адам ғана кәсіби маман атана алады.

Ұлықбек Тінәлиев, қоғамдық ұйым жетекшісі:

- Бұл бастамалар жастардың өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сынап көруге көмектеседі. Түрлі іспен айналысу арқылы олар болашақ мамандықтарын болжамдай алады.

Хабар 24 телеарнасы