386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар Қазақстан құрамасына Рио-де-Жанейрода сәттілік тіледі

  • 920
Астаналықтар Қазақстан құрамасына Рио-де-Жанейрода сәттілік тіледі

Төрт жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындарына жарысқа әлемнің 206 елі қатысады.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар Олимпиада ауылында орналасып, дайындықтарын бастап кетті. Ал, Астана қаласында осы Олимпиадаға аттанған ұлттық құраманы ерекше жолмен қолдау білдірді. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті бірер күннен кейін Олимпиада басталатынын еске салу және сол жерде ел намысын қорғайтын спортшыларға қолдау білдіру мақсатында әуе шарын көкке көтерді.

«Алға, Қазақстан!» атты жазу жазылған, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің логотипі бар әуе шары «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы жанындағы алаңнан көтерілді.

Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстаннан 100-ден астам спортшы аттанды. Олардың барлығы дерлік жақсы дайындық жүргізіп, XXXI жазғы Олимпиада ойындарының жүлделері үшін күресуге дайын, деп хабарлайды ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы