384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Папуа-Жаңа Гвинея: полиция кепілге алынған адамдарды босату операциясын жүргізуде

  • 1186
Папуа-Жаңа Гвинея: полиция кепілге алынған адамдарды босату операциясын жүргізуде Reuters

Тынық мұхиттың жағалауында тұрған Папуа-Жаңа Гвинея еліндегі Алотау қаласын жұртты кепілге алған белгісіз біреулер дүрліктірді.

Қазір полиция супермаркетте кепілге алынған адамдарды босату операциясын жүргізуде, деп хабарлайды ABC News. Осыған байланысты қаладағы барлық көшеге  оқшауланды.

Туристер көп келетін Алотау қаласының тыныштығын бұзған қарулы қаскүнемдер сауда үйіндегі кеңселердің біріне жасырынған.

ABC News-тен аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы