384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Папуа-Жаңа Гвинеяда жұрттың кепілге алынғаны туралы ақпарат жалған болып шықты

  • 807
Папуа-Жаңа Гвинеяда жұрттың кепілге алынғаны туралы ақпарат жалған болып шықты http://www.radionz.co.nz/

Алотау қаласында қарулы топтың бірнеше адамды кепілге алғаны туралы ақпарат жалған болып шықты.

Мұндағы сауда үйінде жұмыс істейтін 4 әйел біреулерден ғимаратта қылмыскерлердің жүргені туралы естиді. Бұл хабарға сеніп қалған олар, сауда үйіндегі кеңсе бөлмесіне кіріп, есікті кілттеп алып, отыра берген, деп хабарлайды ABC News.

Ал полиция болса, өздерінің сауда үйін тез арада қоршап, оның ішіне жасауратқыш газ жіберуін таяуда болған өзге оқиғамен түсіндірді. Сөйтсе, ол кезде қарулы қарақшылар полицейді атып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен екен.

Жасауратқыш газдан зардап шеккен екі әйел ауруханаға жатқызылды.

Естеріңізге сала кетсек, таяуда Папуа-Жаңа Гвинея елінде белгісіз біреулердің жергілікті сауда үйінде жұртты кепілге алғаны туралы хабарлаған едік.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы