389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда зілзаладан 200 үйге зақым келді

  • 674

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономды ауданында болған 5,4 балдық жер сілкінісінен 200-ге жуық үйге зақым келді.

Соның салдарынан 1200-ден астам адам тұрып жатқан баспанасын тастап, қауіпсіз орындарға көшірілген. Табиғи апаттан кейін өңірдегі теміржол қозғалысы уақытша тоқтатылды. Зілзала ошағының халық аз қоныстанған ауданда екені анықталды. Жергілікті билік сол себепті де адам шығыны болмағанын айтады. Ал жер сілкінісінен келтірілген материалдық шығын 3,5миллионнан астам долларға бағаланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы