384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда «Нида» тайфуны ойран салып жатыр

  • 598

Қытайда «Нида» тайфуны ойран салып жатыр.

Салдарынан Гонконгта қор биржаларындағы сауда-саттық тоқтатылды. Сондай-ақ жүздеген әуе сапары кейінге шегерілген. Шаһарда пойыз бен автобус қозғалысы тоқтап тұр. Желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді. Толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласуы мүмкін деген қауіп бар. Ал аспан асты елінің оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында «Нида» кесірінен 35 000 тұрғын үйлерін тастап, қауіпсіз орындарға көшірілген. Мектептер, кеңселер мен зауыттардың есігі тарс жабық тұр. Жалпы синоптиктердің айтуынша, Нида соңғы 33 жыл ішіндегі ең алапат тайфун болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы