389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде азық-түлік бағасы өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 15,9%-ға өскен

  • 1117
Елімізде азық-түлік бағасы өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 15,9%-ға өскен www.retail-loyalty.org

2016 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы шілдемен салыстырғанда 15,9%-ға өсті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баға қантқа 65,4%, жармаларға – 40,4%, кофе, шай және какаоға – 31,3%, май және тоң майға – 28,6%, нанға – 27,1%, кондитерлік өнімдерге – 22,4%, балық және теңіз өнімдеріне – 21,5%, жемістер мен көкөністерге – 20,7%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 17,3%, макарон өнімдеріне – 16,7%, ұнға – 12,4%, алкогольді ішімдіктерге – 11,8%, сүт өнімдеріне – 8,3%-ға жоғарылады.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 6,3%-ды құрады. Құс етіне баға деңгейі 16,1%, шұжық өнімдеріне – 8,9%, сиыр етіне – 4,4%, шошқа етіне – 2,8%, қой етіне – 2,3%, жылқы етіне – 1,5%-ға жоғары болды.

 

2016 жылғы шілдедегі Қазақстан Республикасындағы 

негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы

Ескерту: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Астана, Алматы, Семей, Жезқазған қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.

Хабар 24 телеарнасы