389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда көпір қирап, екі автобус өзенге құлады

  • 607

Үндістанның Махараштра штатында көпір жартылай қирап, оның үстіндегі екі автобус суға құлады.

Салдарынан 22 адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Төтенше жағдайға толассыз жауған нөсер себеп. Өйткені ақ жауынның кесірінен жергілікті өзендегі су деңгейі күрт көтерілген. Куәгерлер оқыс оқиға кезінде көпірдің үстімен тағы бірнеше көліктің өткенін айтады. Қазір өңірде іздестіру жұмыстары жүргізіліп, оған 80-ге жуық құтқарушы мен сүңгуірлер және тікұшақ тартылған.

Хабар 24 телеарнасы