386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үлескерлердің мүддесі Жоғарғы сотта қорғалды

  • 824

Үлескерлердің мүддесі Жоғарғы сотта қорғалды.

Атышулы «Азбука жилья» құрылыс компаниясына алданған жүздеген адам бүгін Жоғарғы сотқа келді. Олар құрылысы 2014 жылы аяқталуы тиіс «ЭКСПО сити» және «ЭКСПО Таун» тұрғын үй кешендерінің инвесторлары. Талаптары - құрылыс жүргізілуі тиіс жер телімін үлескерлердің меншігіне беру. Сот екі кешен бойынша да талапты қанағаттандырып, үлескерлердің пайдасына шешім шығарды. Бірнеше жылдан бері баспана базынасын кешіп, жігері құм болған азаматтар үшін соттың бұл шешімі үміт отын жандырды. Өйткені, бұлай болмаған жағдайда екі күннен кейін Есіл аудандық әкімшілігі аталған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруы тиіс еді.

Ольга Легай, «ExpoTown» тұрғын үй құрылыс компаниясының төрайымы:

- Жоғарғы сот әділдікті орнатып, заңды шешім шығарды. Жер телімдерін біздің меншігімізге берді. Енді бәрі реттелген сияқты. Қазір еш алаңдамай құрылысты жалғастыратын боламыз. Біз инвестор іздемей, өз үйімізді өзіміз салып бітіреміз деген шешім қабылдадық.

Салтанат Сейдалина, «Успех City» тұрғын үй құрылыс компаниясының төрайымы:

- Біз қазір инвестор іздеп жатырмыз. Енді жер телімі меншігімізге берілгеннен кейін олар да қорықпай келеді. Сатылмаған пәтерлер есебінен құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл біз көптен күткен шешім еді.

Хабар 24 телеарнасы