389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда болашақтың автобусы сынақтан өткізілді

  • 779

Қытайда астынан көлік өте беретін автобус алғашқы сынақтан өткізілді.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол ірі қалалардағы кептелісті тиімді реттеуге көмектеседі. Автобустың салоны 2 жарым метр биіктікке көтеріліп, П әрпіне ұқсас пішінде қос рельспен жүріп отырады. Осылайша жеңіл көліктер оның астынан екі қатар бойымен өте береді. Автобусқа 300 адам сияды. Бірақ орындық саны шектеулі. Барлығы 55. Жергілікті билік мұндай қоғамдық көлік үлкен сұранысқа ие болады деген сенімде. 

Хабар 24 телеарнасы