386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайлар өздері шығарған тіс шұқитын таяқшалардың зияны туралы айтып берді

  • 1044
Қытайлар өздері шығарған тіс шұқитын таяқшалардың зияны туралы айтып берді http://pt.aliexpress.com/cheap/cheap-toothpick-wood.html

Салауатты өмір салтын насихаттайтын қытайлық бір сайт біз күнделікті өмірде жиі пайдаланатын тіс шұқығыш таяқшалардың өндірілу «құпиясымен» бөлісті.

Қытай жерінде танымал Huang Bo және ishibk.com сайттары осы таяқшаларды мұқият тексерістен өткізіпті. Олар бұл үшін таяқшаларды ішінде суы бар ыдысқа салып көрген. Сөйтсе, таяқшалар батырылған су сары түске боялып шыға келген екен. Мұнымен қоса, олардан жәндіктерге қарсы себілетін химиялық заттың иісі шыққан. Кепкен таяқшаларды ақ түсті шөгінді қаптағаны тағы бар.

Қоршаған орта және химиялық инженерия маманы Ма Чжаолидің айтуынша, өндірушілер таяқшаларды күкіртпен және ағашқа арналған лакпен бояйды. Ал судан құрғаған өнімнің қарайып кетуі оның көгергендігін білдіреді.

Тіс шұқығыш таяқшалар обыр ауруын тудыруы мүмкін

Ал Sina басылымының хабарлауынша, гигиена үшін маңызды бұл өнімді шығару үшін ронгалит атты канцерогенді химикат кеңінен қолданылады. Қытайдың Гуандун провинциясында шығарылатын тіс шұқығыш таяқшалар өндірісінің 70%-н қамтитын 150 фабрика жыл сайын 33600 тонна өнім өндіріп, онысын ронгалитпен өңдейді.

Ронгалит – таяқшаларды ақ түске бояйтын улы зат. Ағзасына бұл химикат түскен адамның басы ауырып, жүрегі айнып, дәреті бұзылуы мүмкін.

Дайындаған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы