386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Алматыда көпқабатты үйлерге жапсарлас салынған 13 нысан сүріліп тасталды

  • 717

Дәл осы Алматыда жыл басынан бері көпқабатты үйлерге жапсарлас салынған 13 құрылыс нысаны сүріліп тасталды.

Ал енді Шаляпин көшесінің бойындағы азық-түлік дүкеніне жапсарлас нысан сәулет талабына сай келмейтіндіктен, бұзылды. Оны сүріп тастау жөніндегі сот шешімі өткен жылы шыққан. Бірақ меншік иесі құрылыс ережесін ескермей, дүкен аумағын кеңейтіп алған. Талапты орындауға да асықпаған. Өзінің айтуынша, жапсарлас нысанды бұзу туралы хабарлама екі күн бұрын келген. Дегенмен, сот орындаушылары шешімді жүзеге асырды. Дүкен иесі Саурамбаевқа 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынып, басы артық құрылыс арнайы техниканың көмегімен бұзылды. Жыл соңына дейін қалада құрылыс талабына сай келмейтін бірнеше нысан сүріледі.

Әлібек Төлбасиев, қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы:

- Қазіргі таңда 27 құрылыс нысанын бұзу туралы үкім шыққан. Мынау – 13-нысан. Осы жұмыстар қазіргі таңда Алматы қақалық сәулет бақылау басқармасымен атқарылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы