386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда опырылып түскен көпірдің орнынан 14 адамның мәйіті табылды

  • 492

Үндістандық құтқарушылар Махар-Аштра штатында опырылып түскен көпірдің орнынан 14 адамның жансыз денесін тапты.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы 40 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Кейбір мәйіттер оқиға орнынан жүздеген шақырым жердегі Арабия теңізінен табылды. Құтқару операциясына Үндістанның әскери-әуе күштері мен жағалау күзетінің тікұшақтары тартылған. Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда елдің оңтүстік-батысындағы Махар-Аштра штатында тасқын салдарынан көпір құлаған болатын. Ол британдықтар отарлаған кезде, өткен ғасырдың орта шенінде салынған ескі құрылым. Апат кезінде көпір үстінде 2 автобус пен бірнеше жеңіл көлік болған.

Хабар 24 телеарнасы