386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда 50 жыл бойы өз қасиетін жоғалтпайтын материал өндірісі қарқын алды

  • 985

Қазақстанда суға батпайтын, отқа жанбайтын жаңа құрылыс материалы - симполит өндірісі қарқын алды.

50 жыл бойы өз қасиетін жоғалтпайтын материал жергілікті климатқа бейімделген. Айдархан Жұмабаевтың кәсіпкер боламын деген ойы үш ұйқтаса, түсіне кірмеген. Алайда ол қазір тасы өрге домалаған білдей бір бизнесмен.

Айдархан Жұмабаев, кәсіпкер:

- 2008 жылы отставкаға шыққанан кейін менің қолыма қызықты журнал түсті. Онда жаңа құрылыс материалы туралы жазылған екен. Небары 30 см қабырға біздің солтүстіктің аязына шыдап қана қоймай, жылуды да бірқалыпты сақтайтын болып шықты.

Құрылыстан хабары бар кәсіпкер жаңа материалға бірден қызығушылық білдірді. Құрамында қарапайым цемент, су, полистерол және бетон бар. Отқа салса жанбайтын, суды сіңірмейтін кірпіш 50 жылға дейін өз қасиетін жоғалтпайды. Осы инновациялық жаңалықты ашқан сербиялық Милан Девичтің өзімен кездескен Айдар, симполит өндіруге патентті де сатып алған.

Айдархан Жұмабаев, кәсіпкер:

- Су астында тіпті айлап тұрса да, ылғал өтпейді. Қабырғалар әрқашан құрғақ болады. Әсіресе суға кету қаупі бар аймақтағы үйлерге өте қажетті материал.

Шикізаттың негізгі бөлігі Қазақстанда өндіріледі. Тек полистеролды кәсіпкер шетелден алдыруға мәжбүр. Мұнай қалдықтарынан жасалатын бұл полимерге сұраныс күн санап артып келеді. Жалпы кәсіпорын ашылғалы бері 10 000 текше метр симполит өндірілген. Бұл тек бастамасы ғана.

Авторлары: Елдос Сапарғали, Гүлнәр Хасан, Еркебұлан Тілеуқазы.

Хабар 24 телеарнасы