384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сириялық босқындарға гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 490

Сирияның Иорданиямен арадағы шекарасында орналасқан босқындар лагеріне Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы гуманитарлық көмек жеткізді.

Бірнеше күн ішінде жергілікті жұрт 650 тонна азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауар алған. Халықаралық ұйым өкілдері оларды жеткізу үшін 70 метрлік құрылыс кранын қолданды. Өйткені иорданиялық сарбаздарға жасалған шабуылдан кейін арадағы шекара маусым айынан бері жабық тұр. Салдарынан 75 000 сириялық босқын көрші ел аумағына өте алмай, әуре сарсаңға түсуде. Арасында қарт адамдар, әйелдер мен балалар көп. Олардың барлығы 50 градустық аптапта шөл далада тігілген лагерьде тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы