383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістандағы қақтығыстар кезінде 300 адам жараланды

  • 808

Үндістанның Джамму және Кашмир штатында ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласып, 3 адам көз жұмды.

Тағы 300-ден астамы түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. Ашуға булыққан жұрт тәртіп сақшыларына тас пен пиротехникалық заттар лақтырды. Күштік құрылым өкілдері болса резеңке оқпен жауап қатты. Айта кеткен жөн, өңірдегі жағдай өткен айдан бері тыныш болмай тұр. 8-ші шілдеде қауіпсіздік күштері елде лаңкестік ұйым деп танылған топтың 22 жастағы белсенді мүшесін атып өлтірген еді. Осыдан кейін тәртіпсіздіктер толастаған жоқ. Салдарынан 50-ден астам адам мерт болған. Ал жарақат алғандардың саны 3 мыңнан асып жығылады.

Хабар 24 телеарнасы