383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мұсаходжаева - Verbier festival сахнасында өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық музыкант

  • 1478

Айман Мұсаходжаева Швейцарияның Вербье қаласындағы классикалық музыка фестивалінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық музыкант атанды.

Еуропаның ең беделді музыкалық іс-шарасы осымен 23-ші мәрте ұйымдастырылды. Қазақстанның халық әртісі әлемге танымал скрипкашы Лиана Исакадземен бірге Антонио Вивальдидің концертін орындады. Ал болашақта Вербье сахнасына Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері де шығуы ғажап емес. Қазіргі таңда Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдениет саласы бойынша екіжақты ынтымақтастық мәселесі қаралып жатыр.

Айман Мұсаходжаева, Қазақстанның халық әртісі:

- Лиана өте дарынды адам. Онымен бірге бір сахнада өнер көрсету - әр музыкант үшін үлкен мәртебе. Менің ойымша, бұл дарын иесі ұсынған концерттен көрермендер үлкен әсер алып қайтты.

Лиана Исакадзе, Грузия мемлекеттік сыйлығының иегері:

- Бұл сахнада өнер көрсетуіме мүмкіндік жасаған Вербье фестиваліне ризамын. Менің оркестріме, менің Астанадағы достарыма осы жерде композиция орындауға мүмкіндік берілгені үшін қуаныштымын. Мен Айман Мұсаходжаеваға алғысымды айтамын. Өйткені, ол консерватория профессоры бола тұра, емтихандарға қарамай, уақытын бөліп, осында келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы