384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камбоджа кеденшілері 600 келі піл сүйегін тәркіледі

  • 633

Камбоджаның кеден қызметі елдің оңтүстік батысындағы Сиануквиль портты қаласынан 600 келі піл сүйегін тәркіледі.

Жергілікті арналардың хабарлауынша, мүйіздер дәнді дақылдар салынған қапқа жасырылып, Африкадан келетін контейнерлерде сақталған. Ал бұл контейнерлер портта 2014 жылы піл сүйегін тасымалдайтын контрабандалық топтармен күрес күшейгелі бері иесіз тұрған. Порт билігі сүйектердің Африкадан келгенін анықтағанмен қай елге жөнелтілмек болғанын нақты айта алмады. Соңғы мәліметтерге қарағанда кейінгі кезде Азия нарығында піл сүйегіне сұраныс күрт артқан. Бұл өз кезегінде Африкадағы браконьерлік қылмыстың артуына әсер етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы