383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей құрамасы паралимпиада ойындарынан шеттетілді

  • 758
Ресей құрамасы паралимпиада ойындарынан шеттетілді

Допингке қатысты даудан кейін Ресей құрамасы толықтай Рио-де-Жанейродағы паралимпиадалық ойындардан шеттетілді.

Бұл туралы Халықаралық паралимпиада комитетінің басшысы Филип Крэйвен Риода өткен баспасөз отырысында мәлімдеді. Мұндай шешім Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің баяндамасынан кейін қабылданған. Құжатта Ресей спорт министрлігі допинге қатысты тексерулер кезінде түрлі құйтырқы әрекеттерге барды делінген. Дегенмен Ресейдің спорт министрі Витали Мутко мен Ресей паралимпиада комитетінің президенті мұны жоққа шығарып, Лозаннадағы спорттық арбитраждық сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

Филипп Крейвен, Халықаралық паралимпиада комитетінің президенті:

- Басқарма кеңесінің соңғы отырысында Ресейдің паралимпиада комитеті Халықаралық паралимпиада комитетінің талаптарын орындауға қауқарсыз екені айқын белгілі болды. Сондықтан басқарма кеңесі оларды жарыстан жедел түрде шеттеуді шешті. 

Хабар 24 телеарнасы