384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Челябідегі қазақ халқының шығармашылық фестивалінде бір тонна ет асылды

  • 759

Ресейдің Чесма ауданында «Туған жер» атты қазақ халқының шығармашылық фестивалі мәресіне жетті.

Өңірлік маңызға ие мәдени шарада бір тонна ет асылып, бес мың адамға табақ тартылды. Жиынға Челябі облысының 13 ауданымен қатар Қостанай өңірінен де делегация қатысып, қонақжай дастарханнан дәм татты. Достықты дәріптеген мерекеде жағалай ақ шаңқай киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүр салтанат құрды. Ән әуелеп, күй шырқалып, би биленіп, қыз қуу, ат жарысы, балуан күресі ұйымдастырылды. Осымен төртінші рет өтіп тұрған фестивальге Чесма ауданының таңдалуы кездейсоқтық емес. Мұндағы жалпы халықтың 30%-ы түркітектес, оның дені қазақтар. Ұлттық құндылық, атамекен ұғымы мен тіл мәселесі қандастарымыз үшін қашан да бірінші орында.

Қанат Сейтіков, «Азамат» қазақ орталығының жетекшісі: 

- Қазір мектептерде мұғалімдер факультативті түрде 2 сағаттан сабақ береді. Соны ресми беру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір, міне, әке-шешелері, балалар оқығысы келеді. Неге десеңіздер, Қазақстанға көп барады, қазір жол ашық.

Хабар 24 телеарнасы